$ 494.87  520.65  4.91

Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі желтоқсанға дейін ұзартылды

ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімов, Садықұлов, Ерғожинге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Кәрім Мәсімов пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Әнуар Садықұловтың қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді. Ресми мәлімет бойынша, тергеу соты Мәсімов пен Садықұловты қамауға алу мерзімін 2022 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзартты.

"Д.Е. Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13.12.2022 жылға дейін, М.С. Осипова - 22.12.2022 жылға дейін ұзартылды. Д.М. Акипов пен Н.К. Бекмұратқа ешқайда кетпеу туралы жазбаша міндеттеме түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Бас прокуратура Кәрім Мәсімоврейдерлік әрекет жасады деген күдікке ілінгені туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Кәрім Мәсімовке қатысты қылмыстық іс "өте құпия" деп танылды. ҰҚК-нің тергеу тобы Мәсімов, Садықұлов, Ерғожинге қатысты қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары