$ 494.87  520.65  4.91

Әділетті Қазақстанның 11 қағидаты

«Әділетті Қазақстан» негізгі тұжырымдамасы: ұлттық байлық әділ бөлінуі тиіс ел.

Бұл жөнінде Еуропалық құқық және адам құқығы институтының директоры Марат Башимов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық партияның сайлауалды штабында сөйлеген сөзі өзекті, мазмұнды, қарапайым әрі түсінікті болды. Ең бастысы, халықтың тілегіне сай болды.

2. Сайлау науқаны жүріп жатыр. Халық бос сөздерден әбден жалықты. Президент реформасының негізінде әділеттілік принципі негізгі қағидат болып табылатын Әділетті Қазақстанды құру бойынша нақты іске асатын бағдарлама ұсынды.

3. Сонымен қатар Мемлекет басшысы сайлауалды уәдесінде мемлекетке, экономикаға және қоғамға қатысты мәселелердің үш блогына да әділдік принципі еніп отыр. Ол өзінің адами бағыттылығына байланысты бүкіл негізгі әлеуметтік топтар үшін өзекті. Бағдарлама қоғамдық қажеттіліктерді және азаматтардың жеке, азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтары сияқты конституциялық құқықтарының барлығын қамтыған.

4. Прагматизм - бағдарлама тәжірибе жүзінде болуы керек. Әрбір сайлаушы өзіне маңызды нәрсені оңай таба алады. Бағдарламаның өзегінде – «бәрі де орындалады» деген маңызды әрі берік, әркімге түсінікті үндеумен «аз сөз, көп іс» қағидасы бойынша қоғамның  көкейіндегі нақты шаралар болуы тиіс.

5. «Әділетті Қазақстан – баршаға» дегендей естілетін бағдарлама атауының өзі қарапайым қазақстандықтардың мүдделеріне негізделіп жасалғандықтан, бүкіл қоғамды біріктірмек.

6. Әлеуметтік мәселелерді жетік меңгерген Қасым-Жомарт Тоқаев «Жарқын болашақтың бітпейтін презентациясы» емес нақты іс-қимыл бағдарламасын ұсынды. Жақында сөйлеген сөздерінің бірінде «халық бос декларациядан шаршады» деп атап өтіп, соның негізінде Әділетті Қазақстанды құру бойынша нақты іс-қимылдардың жалпымемлекеттік бағдарламасын – жол картасын ұсынғаны кездейсоқ емес. Осылайша, еліміздің даму векторын айқындайтын оң саяси курс жарияланды.

7. «Әділетті Қазақстан» негізгі тұжырымдамасы: ұлттық байлық әділ бөлінуі тиіс ел. Заң алдында барлығы бірдей және Конституцияның үстемдігі қамтамасыз етіледі. Әрбір азаматтың тең мүмкіндіктері бар, экономика әркімнің және барлық жерде әл-ауқаты үшін жағдай жасайды. Кәсіби және жинақы мемлекеттік аппарат өз халқына қызмет етеді. Сондай-ақ ұлттық мүдделер халықаралық аренада қорғалады, қауіпсіздік және басқа да маңызды аспектілер қамтамасыз етіледі.

8. Әділдік – бұл әркімге, барлық жерде тең мүмкіндік. Қасым-Жомарт Тоқаева үшін әділеттілік ең алдымен барлығына тең мүмкіндіктер, адал бәсекелестік пен ынтымақ болғаны маңызды. Бұл оның халық игілігі үшін әрекет ететін жауапты саяси көшбасшылығын көрсетеді. Ол «азаматтардың табысы мен әл-ауқаты - елдің табысы мен әл-ауқаты» қағидасына негізделген әрбір нақты жағдайды ашуға негізделген.

9. Әділдік-оның бағыты мен риторикасының негізгі принциптерінің бірі. Мәселен, осы жылдың қаңтар айында бизнес-элитамен кездесуде ол бір адамның қолында бизнестің орасан зор шоғырланғанын атап өтті,  мұндай жүйе қоғамда сенімсіздік пен депрессияны тудырады, сайып келгенде әділетсіздіктің өркендеуіне әкеліп соқтырады және мемлекетке қауіп төндіреді. Маусым айында ол: "біз экономикада жағымлды жақтарын тарату кезінде фаворитизмнен бас тартуымыз керек деген еді. Елде әлеуметтік әділеттілік болуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясында (қыркүйек-2022) сөйлеген сөзінің лейтмотиві «менің елімде әділдік салтанат құруы тиіс» деген тезис болды.

10. Құқықтық саладағы және адам құқықтарын қорғаудағы, адами капиталды дамытудағы реформалар өте маңызды. Көп нәрсе жасалды және орындалады. Конституциялық реформалар әділ Қазақстанның символына айналды. Құқық қорғау және сот салаларында реформалар, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың әртүрлі салаларындағы заңнаманы күшейту, сыбайлас жемқорлық пен непотизмге және басқа да жағымсыз құбылыстарға қарсы күрес күтіп тұр.

11. Әділетті Қазақстан – ортақ іс. Қ.Тоқаев әділеттілікті өзінің саяси бағытының негізгі қағидасы деп жариялай отырып, қоғам мен мемлекеттің негізгі салаларының қызмет етуінің түйінді принциптерін айқындайды. Олар: ашық және еркін қоғам;  адал бәсекелестік бар инклюзивті нарықтық экономика;  халыққа қызмет ететін кәсіби мемлекет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары