$ 494.87  520.65  4.91

Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті

Әңгімелесу барысында мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және газ, ЖЭК, энергетика салаларындағы кешенді шешімдер бөлімшесінің директоры Уаэль Сауанмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеруге ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ аталған компанияның басшылығына келетін Уаэль Сауанға табыс тіледі. Президент оның қызметі елімізбен өзара тиімді серіктестікті дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бен ван Берденді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары