Саясат 10.11.2022 сағат 17:30

Президент Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысады.
Президент Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Әуежайда Қазақстан Президентін Өзбекстанның Премьер-Министрі Абдулла Арипов күтіп алды.
Бұған дейін 10-11 қарашада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен баратыны хабарланды.

Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар