Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттік сайлауға дауыс беруге келіп, Кәрім Мәсімов туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Журналистер Назарбаевтан ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовпен ұзақ жыл қызметтес болған қаңтар оқиғасына басты тұлға болып, мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінгені қалай болғанын сұрады.
Экс-мемлекет басшысы бұл жағдайды Иса Мәсіх пен Яһуда Исқариот арасындағы қақтығыспен салыстырды. «Мұның артында кім тұр?» деген сұраққа былай деді.
«Бұл сұрақ мені де мазалайды. Мен де тергеудің аяқталғанын күтіп отырмын. Не себеп болғанын, артында кім тұрғаны... Мәсімов көп жыл бойы менімен жұмыс істеген. Бірақ қайдан білесің? Иса Мәсіх жанындағы Иуданың сатқын екенін білді ме? Біз Құдай емеспіз ғой. Сол себепті соттың аяқталуын күтейік. Бәріміз білеміз деген ойдамын», - деді ол.