$ 441.44  473.09  4.75

Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі қашан өтетіні белгілі болды

ОСК халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Президенті ретінде тіркеді.

ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын айту барысында Мемлекет басшысы қашан ант беретінін айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.

Кандидаттар бойынша дауыстардың соңғы нәтижесі айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайызбен сайлауда жеңіске жетті.

«ОСК халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Президенті ретінде тіркеді. Заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады. Президент антты 26 қарашада береді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары