ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров кезектен тыс президент сайлауының соңғы қорытындысын айту барысында Мемлекет басшысы қашан ант беретінін айтты, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
Кандидаттар бойынша дауыстардың соңғы нәтижесі айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайызбен сайлауда жеңіске жетті.
«ОСК халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстанның Президенті ретінде тіркеді. Заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады. Президент антты 26 қарашада береді», - деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.