$ 494.87  520.65  4.91

«Олардың шулы мәлімдемелері Ресейдің ресми ұстанымын білдірмейді» – СІМ

СІМ басшысының орынбасары Роман Василенко Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атаған ресейлік телеарнаның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.

СІМ басшысының орынбасары Роман Василенко Қазақстанды "Украинадан кейінгі проблема" деп атаған ресейлік телеарнаның мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистер Василенкодан “Елімізде қандай да бір “ұлтшылдық процестерге” тап болдыңыз ба?” деп сұрады.

“Мен ешқандай ұлтшылдық процестерге тап болған емеспін. Өйткені Қазақстанда ондай атымен жоқ. Ал ресейлік телеарнадағы мәлімдемеге келсек, президент те, СІМ басшысы да, депутаттар да бұған дейін түрлі “сөйлейтін бастардың” шулы мәлімдемелеріне қатысты пікір білдірген. Олар біріншіден, Ресей Федерациясының ресми ұстанымын білдірмейді. Екіншіден, екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынасқа залалын тигізеді. Мұндай мәлімдемелерге Ресей билігі тарапынан тиісті шара қолданылуы керек”, – деп жауап берді СІМ басшысының орынбасары.

Еске салайық, Ресейдің "Россия-1" телеарнасының "Вечер с Владимиром Соловьёвым" ток-шоуында Қазақстанды "Украинадан кейінгі  проблема" деп атады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары