23.11.2022, 17:20

«Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы болып тағайындалады» - дереккөз

Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін деген ақпарат шықты.

Әр жылдары премьер-министр, мемлекеттік хатшы, президент әкімшілігінің басшысы, Атырау облысының, Алматы, Астана қалаларының әкімі, қорғаныс министрі, Қазақстанның Ресейдегі елшісі қызметтерін атқарған Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалуы мүмкін деген ақпарат шықты.

Бұл туралы Yedilov online telegram-арнасы хабарлады.

«Кейбір дереккөзге сүйенсек, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы болып тағайындалады» делінген жазбада.

Бұл туралы ресми деректер жоқ.