Президент тек қана Forbes-тағы жігіттермен емес, мемлекет мүддесін ойлайтын азаматтармен кездесуі керек. Бұл пікірді депутат Еділ Жаңбыршин журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
“Президенттің тапсырмасын күн-түні жұмыс жасап, соған мүдделі болып, ешқандай кландардың, топтардың қызығушылығын емес, мемлекеттің мүддесін бірінші кезекке қоятын, сондай мамандарды, білікті менеджерлерді қойып, жұмыс жасатуымыз керек.
Менің жаратпайтыным: “19 млн адамның ішінде сондай адам бар ма?” деген. Ол кадрлардың айтып жүрген әңгімесі. “Бізден басқа ешкім жоқ” деп. Олардан басқа адамдар бар. Тек олар емес қаймағы қазақтың. Сендер оларды президенттің маңына жолатпай басып отырсыңдар! Неге? Себебі, “өзімізден асып кетеді, өзімізден жақсы идеяларды беріп қояды. Ол тек қана біз арқылы өту керек” дейтіндер болмайды.
Президентке каналдың бәрін ашуымыз керек. Президент барлық мамандармен, ғалымдармен, басы жасайтын менеджерлермен кездесуі керек. Президент тек қана өз бизнесін ойлайтын Forbes-тағы жігіттермен емес, мемлекет мүддесін ойлайтын азаматтармен кездесуі керек”,- деді ол.