Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында елімізде әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан аурухана мәселесін көтеріп, тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Заңгер бұл жазбасында еліміздің мұнайлы өңірі саналатын Ақтау қаласының тұрғындары әлі күнге дейін ауруханаға жарымай отырғанын жазған. Заңгер бөліскен бейнежазбадан науқастардың дәлізде жатқанын байқауға болады.
«Мұнайлы жерде аурухана жоқ деген не масқара?! Ауыл аймақтардағы жағдайды қашан реттейсіздер? Еліміздің медицинасы құрдымға кетіп бара жатқан соң, халық шет елге ем іздеп ағылуда! Қарапайым аурухана ғимаратын сала алмайтын сорлы елміз ба сонда? Мұнайлы жерде аурухана жоқ деген не масқара?!
Ақтау қаласының әкімі, Ізбергенов Ербол мырза! Аурухана басшылары “қала ауруханасы арендада отырмыз, орын жоқ, білгеніңді істе”, деп осылай халықты қорлап отыра бере ме? Ажар Ғиният, халық қашан өз елінде адамша ем алады?», - деп жазған өзінің facebook парақшасында.