Қырғызстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қызметі Қырғызстан парламентінің екі депутатын Қазақстанға кіргізбеді.
24.kg жазғандай, екі депутат – Эмиль Жамғырчиев пен Шыңғыс Айдарбеков қырғыз-қазақ шекарасынан өте алмады. Олар Қазақстанға жеке істерімен – Қордайдағы жерлеуге бармақ болған. Алайда оларды «Ақ-Жол-автожол» бақылау-өткізу бекеті арқылы өткізуге рұқсат бермеген.
Кейбір мәліметтер бойынша, ол жерге арнайы қызмет өкілдері келіп, екеуін де Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне алып кеткен.
Депутаттардың қандай факті бойынша ұсталғаны белгісіз. Бірақ кейін олардың бірі босатылды. Бұл туралы депутаттардың әріптесі хабарлады.
«Ақ-Жол өткізу бекетінде Эмиль Жамғырчиев белгіленгені, яғни шығуға тыйым салынғаны анықталды. Оны ҰҚК қамауға алды. Біз жиналдық, ол босатылды» деп жазды депутат Эльвира Сурабалдиева.
Екінші депутатпен журналистер хабарласа алмады. Кемпір-Абад су қоймасын Өзбекстанға беруге қарсы дауыс бергендердің қатарында екі депутаттың да бар екені көрсетілген. Су қоймасы мәселесі әлі түпкілікті шешілген жоқ.
orda.kz