08.12.2022, 15:00

12 желтоқсанда Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Фото: Серікжан Қобыланбаев
Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі.

12 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы БОРТ №1 Telegram-каналы хабарлады.

«Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр», - делінген мәліметте.

Тегтер: Үкімет Тоқаев