$ 494.87  520.65  4.91

Наразылыққа шыққан Тараз локомотив депосының қызметкерлеріне сыйақы берілетін болды

Тараз локомотив депосының жұмысшылары наразылыққа шықты. Жиналған жұмысшылардың негізгі талабы – сыйақы төлеу және жалақыны көтеру.

"Қамқор Локомотив" ЖШС Тараз локомотив депосының жұмысшыларымен болған әңгіменің қорытындысы бойынша басшылық ҚР Тәуелсіздік күніне орай сыйлықақы төлеу мәселесін алдын ала мақұлдады, деп хабарлайды  Zakon.kz.

Жұмыс тобының отырысы барысында еңбек ұжымы өкілдерінің қатысуымен жалақыны көтеру мәселесі талқыланады. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жұмысшылар кәсіпорынның акт залына шақырылды. Олармен филиал басшысы Ілияс Лесбаев, сонымен қатар Тараз әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил, қала прокурорының орынбасары Дастан Асқар, көлік прокуратурасының өкілі Жураев түсіндірме әңгіме жүргізді.

"Қазір жағдай тұрақты, қатысушылар жұмыс орындарына кетті. "Қамқор Локомотив" ЖШС жұмысы әдеттегідей жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар жұмыс тобы құрылып, оның құрамына "Қамқор Локомотив" ЖШС бас директорының орынбасары Асан Нүсіпқұлов және ЖШС кәсіподақ және басқа да қызметтерінің өкілдері кірді.

13 желтоқсанда таңертең "Қамқор Локомотив" ЖШС филиалының Тараз локомотив депосының жұмысшылары наразылыққа шықты. Жиналған жұмысшылардың негізгі талабы – сыйақы төлеу және жалақыны көтеру.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары