$ 494.87  520.65  4.91

Біртанов ісі: Аппеляциялық сот кейінге қалды

Екеуі сот үкімі бойынша “келтірілген” 1 млрд 350 млн теңге шығынды өтеуге міндеттелді.
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Астанада бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша аппеляция кейінге шегерілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Тыңдау кейінге қалдырылды, процесс 27 желтоқсанда сағат 15.00-де жалғасады", - деді Астана қалалық соты.

Еске салсақ, 28 қазанда сот Біртановты 5 жылға, ал оның орынбасары Олжас Әбішевті 4 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Елжан Біртанов “санавиацияны заңсыз пайдаланды” деген айып бойынша ақталғанымен “лауазымын асыра пайдаланды” деген бап бойынша айыпты деп танылды. Екеуі сот үкімі бойынша “келтірілген” 1 млрд 350 млн теңге шығынды өтеуге міндеттелді. 

Елжан Біртановтың адвокаттары жоғары тұрған сот сатысына №2 Сарыарқа сотының үкіміне апелляциялық шағым түсірген. Экс-министрдің қорғаушылары сот үкімінің оны лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапқан бөлігіне наразы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары