Жұма күні Алматыда қаңтардағы қайғылы оқиғаға арналған мемориалдың ашылуы өтті, деп хабарлайды Sputnik.kz.
Ескерткіштің ашылуына Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен мегаполис әкімі Ерболат Досаев қатысты. Бұған дейін президент мемориалға болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі үшін өз өмірін құрбан еткен қазақстандықтардың есімдері жазылатынын атап өткен болатын.