$ 494.87  520.65  4.91

«Қысым жасау тоқтатылсын!»: Белгілі жазушы Айгүл Орынбекке араша түсті

Айгүл Орынбек Түркістан облысындағы біраз былықтың бетін ашқан.

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет заңгер Айгүл Орынбекке араша сұрады, деп хабарлайды Экспресс К.

Өзінің талабын Ұлықбек Есдәулет Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда ақын заңгердің отбасына қысым жасалып жатқанын айтып, оның дер кезінде тоқтатылуын талап еткен. Айта кетейік, Айгүл Орынбек Түркістан облысындағы біраз былықтың бетін ашқан заңгер.

«Әділдіктің жолындағы жанкүйер құқық қорғаушы, қанатымен су сепкен қарлығаштай шыр-пыр болып жүріп, халықтың қошаметіне бөленген заңгер қыз Айгүл Орынбектің отбасына қысым жасау тоқтатылсын! Әділетті Қазақстанды әділет іздеуде тура жолдан таймайтын осындай турашыл, табанды, өжет жандармен бірге құрсақ керек!», — деп жазды Ұлықбек Есдәулет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары