$ 494.87  520.65  4.91

«420 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған»: Мәсімовтің ісі сотқа берілді

Арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталуда.
Фото ашық дереккөзден
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу ісі аяқталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлық агенттігі.

«Павлодар облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы полиция генерал-майоры Н. Мәсімовке, оның орынбасары Д.Сиразидимовке және кәсіпкер Е. Евковичке қатысты ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Мәсімов пен Сиразидимов мемлекеттік сатып алуды өткізу және үлестес компаниялармен келісімшарттарға қол қою кезінде қамқорлығы үшін 90,3 млн теңге сомасында пара алды деп айыпталуда», - делінген Агенттік хабарламасында.

Сондай-ақ олар арттехқару-жарақ сатып алуға арналған 420 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлады деп күдіктелуде.

22 желтоқсанында облыс прокуратурасы айыпталушыларды сотқа берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары