$ 494.87  520.65  4.91

«Өскемендегі жердің бәрі Ахметовтікі, Астананың маңы Шөкеевтікі»: депутат министрге шүйлікті (ВИДЕО)

Мал ұстап отырған кісілерге жер жетпей жатыр. Осыны қашан қолға аласыздар?

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуы мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Сұрақ беру рәсімінде Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов өңірлердегі жерлердің басым бөлігі әлі күнге дейін әкімдерге тиесілі екенін айтып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректеріне күмән келтірді.

«Қай облысқа бармасаңыз, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Жердің иелерін тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменге барсаңыз жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі, Астананың маңы Шөкеевтікі. Оны айтуға қорқып отыр бәрі. Сіздің баяндамаңызда айтылған қайтарылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал ұстап отырған кісілерге жер жетпей жатыр. Осыны қашан қолға аласыздар?» - деп шүйлікті депутат Берік Дүйсенбинов.

Алайда мінберде сұраққа жауап берген Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев депутаттың бұл ойымен келіспейтінін жеткізді.

«Әкімдерге тиіспей, жерлерді қорғап отыр дегенді мен қабылдай алмаймын. Себебі 5,2 млн гектар жерді қайтардық. Ол кімнің жерлері? Сол әкімдердің жерлері, олигархтардың жерлері. Ендігі жылы да 5 млн гектар жерді қайтарамыз. Ол жұмысты қазір жандандырып жатырмыз. Біз заңға сәйкес жұмыс істейміз. Бар жұмысты жоқ деп айтуға болмайды», - деп жауап берді министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары