$ 498.34  519.72  4.85

Премьер-министрдің кеңсесі Үкімет Аппараты болып өзгеріп, Экология министрлігі қайта құрылды

Президенттің қаулысы шықты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3 тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру бағытында президенттің қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңсесі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Үкімет Аппараты) болып қайта құрылады.

Үкімет Аппараты:

1) орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді;

2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Үкіметінің қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, сараптамалық-талдамалық, кадрлық, ақпараттық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленді..

2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізіледі:

1-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Кеңсесі;» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты;».

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықты іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сонымен қатар, Экология министрлігі қайта құрылды. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа қол қойды. 

Жарлыққа сәйкес, жер қойнауын мемлекеттік геологиялық барлау және минералдық-шикізат базасын молықтыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Индустрия министрлігіне беріледі.

Мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат саны сәйкесінше қайта бөлінетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары