Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жарлығына сәйкес 17 мыңнан аса шенеунік жұмыстан қысқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жарлыққа сәйкес, министрліктер мен ведомстволардан бюджеттік және бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырылатын 17 447 қызметкер (24 пайыз) қысқарады.
Басшы орынбасарларының саны 207-ден 144-ке дейін немесе 30 пайызға қысқарады. Сондай-ақ, алдын ала бағалау бойынша, 703 қызметтік көлік пен 10 ғимарат босайды. Осы шаралар нәтижесінде Өзбекстан билігі мынадай қаржы үнемдейді:
Штаттарды қысқарту арқылы 1,5 триллион сум (133 миллион доллар) ; Көліктердің санын азайту арқылы 70 миллиард сум (6,2 миллион доллар) (жанармай, май, шиналарды ауыстыру және т.б. шығындарды қосқанда). Министрліктер мен ведомстволар қызметкерлерінің жалпы шектеулі саны 56 573 адам болады.