$ 444.32  473.33  4.76

Астаналық оқушы түнгі сағат үште мектепке барған

Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады.
Фото: qaz.ulysmedia.kz
Фото: qaz.ulysmedia.kz

Астанада түнгі сағат үште мектепке барған оқушының ата-анасы жазаланды, - деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түнде астаналықтар мектеп маңында тұрған қызды байқап, полицияға хабарласқан. Полиция мәліметінше, оқушы оянғанда, үйдегі сағатта уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен. Осылайша, ол дайындалып, мектепке кеткен.

"3 ақпанда сағат 3.26-да "102" арнасына Конституция көшесіндегі мектеп маңында кішкентай қыз тұрғаны туралы ақпарат түсті. Тексеру барысында полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған оқушының түнгі сағат 03.00-де оянып, киініп, мектепке барғанын анықтады. Өйткені үй сағатындағы уақыт таңғы 07.00-ді көрсеткен", - деді елордалық ПД өкілі.

Сондай-ақ, ведомство өкілі ата-анасы бұл туралы полицейлерден білгенін айтты. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#оқушы #Астана