$ 481.84  531.33  5.07

Батыс Қазақстан тұрғыны 2 сәбиін сатып жіберген

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1 және 2 жасар сәбилерін сатып жіберген Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын анықталды.
Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Батыс Қазақстан облысында тұратын әйел Атырау қаласына келіп, екі сәбиін сатып жіберген деп хабарлады turkystan.kz,

Мәлімет бойынша, әйел бір емес, екі сәбиін сатып жіберген.

«Атырау облысы Полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1 және 2 жасар сәбилерін сатып жіберген Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті анықталып, қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», – делінген Рolisia.kz хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары