$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде мектеп өртеніп, мыңға жуық адам эвакуацияланды

Шақырту орнына жедел түрде 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді.
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі
Фото: Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласында №23 орта мектеп-лицейінен өрт шықты. Мектептегі 900-ден астам оқушы мен мұғалім эвакуцияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға бүгін сағат 08:01-де тіркелді.

112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Сәтпаев көшесінде орналасқан №23 орта мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабар түскен.

Шақырту орнына жедел түрде 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілді.

«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде 1-қабатта орналасқан кабинеттің жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында мектеп-лицейден 890 оқушы және 60 мұғалім эвуакацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 08:12-де толықтай сөндірілді. Өрт электр сымының қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін. Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді»,- деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары