$ 494.87  520.65  4.91

«Әділетті Қазақстанды қарақан басы мен құлқынын ойлайтын депутаттарсыз құруымыз керек» - Айгүл Орынбек

Сол мінберде Қазақтың сөзін сөйлейтін бір Батыр отырсыншы!
Фото: Facebook/Айгүл Орынбек
Фото: Facebook/Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек жұртты алда келе жатқан Парламент Мәжілісі және мәслихаттар сайлауына аса қырағы болуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, дәл қазіргі уақытта жемқор, арамтамақ кандидаттардың өтіп кету қаупі жоғары болып отыр. 

«Әділетті Қазақстанды өз қарақан басы мен құлқынын, қалтасын ойлайтын депутаттарсыз құруымыз керек! 
Халқым, әрбір түсіп жатқан кандидаттардың “үйіп-төгіп” беріп жатқан уәделерін жазып алыңыздар! 
Ертең депутат болған соң, берген уәделерін талап етуде қажет болады! Осылайша, жемқор, арамтамақ кандидаттарды қазірден-ақ артқа шегіндіріп, әшкерелейік!», деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.      

Айгүл Орынбек бұған дейін билікке шын мәнінде жүректерінде иманы жоқ, оңбаған жемқорлардың ұмтылып жатқанын жазған болатын. Ал шын жанашырлардың аяғынан шалып, қаралап жатыр. 

«Енді келіп “халыққа бір пайдам тисінші” деп жүрген адамдарды аяқтан шалғанға ұстасыңдар!
Өзгеріс жасау керек дейсіңдер, өзгерісті қалай жасаймыз айтыңдаршы?

Билікте отырғандар да, оларды даттап отырғанда да бөтен емес, сол қазақтар ғой!
Бір-бірімізді қырып тастау арқылы өзгеріс жасау керек пе сонда?
Ешкім қолындағы билікті оңай бере салмайды!

Жүректерінде иманы жоқ, беттері былшыйған оңбаған жемқорлар отыз жыл ұйықтап отырғандары аздай, әлі де сол мінберге ұмтылып әлек! Таласып та, тартысып та жатыр!
Аяқтан шаласыңдар ма, соларды шалыңдар, қазіргі елдің жағдайын солардан сұраңдар!
Ал “елге қызмет жасаймын, өзгеріс әкелемін” деп қадам жасап жатқан шын ел жанашырларына тиіспеңдер!

Билік Ринат ағама мүмкіндік берді екен, ендеше тек қолдан келгенше қолдаңдар, тілекші болыңдар!
Сол мінберде Қазақтың сөзін сөйлейтін бір Батыр отырсыншы!

Елдің болашағы үшін Халықтың санасы өзгерген күні “Аманат” түгілі, Тозаққа да кіруге дайынмын!», - деп атап өткен болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары