$ 494.87  520.65  4.91

«Жағдай қиын»: Мұхтар Тілеуберді санкциялар қаупі туралы айтты

Еске салайық, Энтони Блинкен ресми сапармен Астанаға келген болатын.
Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов
Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Мұхтар Тілеуберді сакнцияның елімізге әсері туралы ашық айтып, Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасын бақылаудың қиындықтарына тоқталды.

"Қазақстанның Ресеймен де, Украинамен де тарихи байланысы бар екенін айтқым келеді. Біздің экономикаларымыз ұзақ уақыт бойы тығыз байланыс орнатып келеді. Бұл жағдай бізге, экономикамызға ауыр тиді. Бізде екінші реттік санкцияларға ұшыраған бірде бір сектор, бірде бір компания жоқ

Алайда санкцияның әсерінен аулақ болғымыз келеді. Қазақстан Еуразиялық одаққа мүше. Қазақстан мен Ресей және осы одақтың басқа мүшелері арасында ешқандай кедендік шекара жоқ. Сондықтан біздің шекараларымыз арасындағы еркін сауда, тауарлар мен қызметтер процестерін басқару өте қиын болуы мүмкін. Бірақ біз Ресейдің немесе басқа шетелдік компаниялардың санкциялардан жалтару мүмкіндігін болдырмауға тырысып жатырмыз", – деді Тілеубреді.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ресейге қарсы салынған санкциялар Қазақстанға қалай әсер ететінін айтты.

"Әрине, біз елдерге салынған санкциялардың салдарын көріп отырмыз. Дегенмен біз өзгенің есебінен санкция зардабын тартып жатқан елдердің кәсіпорындары мен компанияларына арнайы лицензиялар береміз. Біз жаңа логистикатық мүмкіндіктерді, экспорттық нарықтарды іздейміз. Біз Орталық Азия елдеріне жаңа серіктестер мен жаңа мүмкіндіктер ашу жолында бар күшімізді саламыз. Сонымен қатар, серіктес мемлекеттермен жұмыс істейміз және жаңа сауда әлеуетін дамыту үшін "С5+1" форматына қатысушы елдерге қолдау көрсетеміз", - деп тоқталды АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен.

Еске салайық, Энтони Блинкен ресми сапармен Астанаға келген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары