Астана қалалық мәслихат депутаттары өз орталарынан Парламент Сенатына үміткер ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Осылайша, «Цесна» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Жақсыбеков Астана қаласы атынан сенаторлыққа ұсынылды.
Бұл туралы Астана қаласы әкімінің сайтында жарияланып отыр.
Қалалық мәслихат депутаты Қайрат Ахметовтың айтуынша, қаланың дамуына елеулі үлес қосқан Серік Жақсыбеков жуырда болатын сайлауға лайықты үміткер бола алады.
Өзара талқыдан кейін депутаттар бірауыздан Серік Жақсыбековке дауыс берді.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Сенатының депутатын сайлау 1 қазанда басталып, 31-ші тамызға дейін жалғаспақ. Ал 12-ші қыркүйектен кейін сайлауалды үгіт-насихат жүргізу басталады. Еліміздің 16 облысынан республиканың жоғарғы палатасының заң шығарушы органына бір депутаттан сайлау қажет. Мәслихат депутаттарының сайлауымен Сенаторлар 6 жылға дейін қызмет етеді.