Бір жағдайды айтсам ба? Айтсам сырттан сөйлегендей боламын, ал айтпасам әлгі "Қалаулымчик"тардың әр сөзіне, бетіндегі өтірік маскаларына имандай сеніп жүргендердің көзін ашуым керек деген ой тағы мазалап отыр. Алдымен ескерту! (баяндау стилімде орысша сөздер қолданылуы бек мүмкін)
Опшым, былай!
Екі күн бұрын, яғни 28.02.2023 Алматыдағы Арбатта қызым екеуміз түскі серуенге шықтық. Шамамен төрттің кезі болуы керек. Аяқ жазып алайын деп бос тұрған смамейкалардың біріне барып отырдым. Бірер минуттан соң қасыма қайдан шыға келгенін, бір Қалаулымчик келіп сумкасын қойды да арырақ барып қасында тұрған екі жігітпен сөйлесіп тұрды. Түрін шырамытсам да менің ондайларды көргенде ит жыным ұстайтындықтан қайдан көрдім деп көп ойланып бас қатырмадым. Бірақ сарт есіме түсе қалды. Қызының атын атап мияулап жылап ән айтатын әншісымақ еді ол. Мейлі дедім. Сатып алған арбатым емес қой жүре берсін деп орнымда отыра бердім. Бірақ көз алдыңда тұрған адамның іс-қимылы назар аудартпай тұра ма? Дәл сол күні назар аударғаным дұрыс болған сияқты. Менің көргенімді сол Арбатта өзге ешкім көрмегендей күй кештім.
Әрі қарай кеттік…
Қалаулымчиктің қасындағы екі жігіт бір жаққа жоқ боп кетті де тез-ақ қайтып оралды. Қолдарында бума-бума көп ақша енді... Дажы-дажы айта алмайм енді банк тонамаса) Үшеуі гүбір-гүбір етіп тұрды да екеудің пысықтау келген біреуі Қалаулымчикке былай істейсің, былай бересің деп қолын көрсетіп үйретіп тұрды. Ал екіншісі анадай жерде көше сыпырып жүрген үлкендеу апайға (сіздерше тәте) барып бірдемелерді айтып сөйлесіп келді. Сосын жүйрік ойым алдыға озбай тұра ма? Бір сәтте әлгі Қалаулымчикке ішім жылып сала берді. "Е-е-е, демек, анау тұрған апайға мына ақшаларды беріп қайырымдылық жасамақшы екен ғой, мәрт екен!" - дедім ішімнен. Сөйттім де, жағдайды ары қарай бақылауды шештім.
Мобилогроф-сымағы "Қалаулымчик біз бүгін Арбатқа неге келдік?" деп сұрайды. Блогер-шмогер болса беті бүлк етпей жақсылық жасауға келдім дейді. Сөйтеді де екеуі жаңағы көше сыпырушы апайдың қасына барып анау-мынау, зат есім, етістік, одағай, сын есім, қосымша, шылауларын айтып қолындағы бума-бума көк ақшаны, көп ақшаны апайдың қолына ұстатады. Апай көңілі босап, алғысы келмей ұялып артынша алғысын айтып Қалаулымчикке бата береді! Әп берекелді! деп айтуға асықпаңыз!
ТА-ДАМ! СІЗ АЛДАНДЫҢЫЗ! ОСКАР БЕРУ КЕРЕК ҚАЛАУЛЫМЧИККЕ! СЦЕНАРИЙ БӘРІ!
Әй, осы кадрды жоқ дегенде 7-8 рет түсірді байғұстар. Қара терге малшынды, сценарий бойынша болса да ақша беру оңай ма?! Ең сорақысы түсірілім біткен бойда әлгі апайымыздың қолынан ақшаны қайтадан алып алды. Сырттан бақылап тұрған менің басында әртістік қабілеттеріне күлкім қысқан артынша жүрегім шаншыды. Сонда қай миымен ойланды екен бұлар? Егер милары бар болса әрине! Көшеге шығамыз, қазір кім көп көше сыпырып жүрген сорлы қазақтың әйелі көп. Солардың бірін тауып, алдын ала сьемкаға көндіріп, сценариймен таныстырып, бәрі кадрға әдемі түсірілген соң қалтасына 5-10 тиын сала саламыз деп ойлады ғой!
Ең сорақысы мынау!
Сол түсірген видеоларының астына қайырымдылық жасадым деп баттыйтып жазып, беті қызармай салып қойыпты. Және де мен елдерге ақша табуды үйреткім келеді, көмектескім келеді дейді тағы. Яғни, ақша табуды үйрету дегені бұның бәрі пирамида сияқты лохотронға адам жинау үшін алдын ала жасалып жатқан іс. Көресіздер, ертең дәл сол черныйбет "өз курсымды ашық деп жариялаймын", "менімен бірге ақша тап" деген сарынды әңгімелер айтса таң қалмаймын.
Мен неге күйіп-пісіп отырмын? Күйінемін!
Қарызға батқан қазақ, жұмыссыз жатқан қазақ, интернетті ақтарып жылтыраған адамдардың өмірін бақылап-баққан қазақ ілінеді бұндай торға, ұрынады осындай бәлеге! Көзіңді аш айналайын қазағым! Мен бұны ақын да емес, жазушы да емес жай ғана қазағына жаны ашыған өз қыздарыңыз ретінде айтып отырмын… Осыдан соң сондай беті жылтыраған адамдарға ерем десеңіздер де, бәрібір соларға сенем десеңіздер де арғы жағын өз еріктеріңізге қалдырдым.
P.S: Ертең менің осы жазбамды оқып жатса, еркек болып шалбар киіп жүргені рас болса ұялатын шығар. Маған заң жүзінде ешқандай шара қолдана алмайды. Себебі, атын атап, түсін түстеп отырған жоқпын. Қалғанын ұяты білсін!
Журналист Назерке Серікқызының facebook парақшасынан Автордың жазбасы өзгеріссіз қалды