Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бейресми кездесу өткізу үшін Шымкент қаласына келді", - делінген хабарламада.
Кездесу барысында екіжақты және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылады.