04.03.2023, 05:30

Ерке Есмахан өнерден алшақтағысы келетінін айтты

Фото: instagram.com/erke_esmahan
“Өнеріңе еш кедергі болмаймыз" деді үлкендер.

Әнші Ерке Есмахан тұрмысқа шыққан соң өнерде қалатын-қалмайтыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Instagram-да әншіден бір оқырман "Өнерде қаласыз ба әлде тек үйде отыратын келіншек боласыз ба?" деп сұраған.

"Сырға салуға" келгенде: ән айтам десе айтқызамыз, билеймін десе билетеміз. Өнеріне еш кедергі болмаймыз" деді үлкендер. Күйеуімнің де еш қарсылығы жоқ. Бірақ өзім кішкене өнерден алшақтағым келетін сияқты", - деді Ерке Есмахан.

Тегтер: Ерке Есмахан