$ 474.72  515.17  5.58

Универсиада-2017: Қазақстандық шаңғышы Анна Шевченко ел қоржынына тағы бір жүлде салды

Алматыда өтіп жатқан Дүниежүзілік 28-ші қысқы универсиада ойындарының екінші күні Қазақстан ұлттық құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты. Шаңғышы Анна Шевченко жеңімпаздар тұғырына осымен екінші рет көтеріліп отыр.

5 шақырымды шаңғымен еркін стильде жүріп өткен қыздар арасында қазақстандық спортшы мәре сызығын үшінші болып кесті, оның уақыты - 15:51.0 минут. Ал, бұл қашықтықты бірінші болып ресейлік Анна Начаевская (13:29.7) бағындырды. Тағы бір Ресей шаңғышысы Лилия Васильева болса 13:47.8 уақытпен күміс жүлдегер атанып отыр.

Айта кетейік, Анна Шевченко бұған дейін ел қоржынына бір қола медаль салған болатын. 5 шақырымдық жеке жарыста қазақстандық шаңғышы дәл осы ресейлік қыздарға жол беріп, үшінші нәтиже көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары