$ 498.34  519.72  4.85

Универсиада-2017: Шымбұлақта қар көшкінінің қаупі бар

Алматыда өтіп жатқан Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарының ұйымдастырушылары ауа райының қолайсыздығына тап болды. Шымбұлақта толассыз жауған қар салдарынан бүгін тау шаңғысынан өтуі тиіс жарыс кейінге қалдырылып отыр. Өйткені, жарыс өтетін аймақта қар көшкіні жүру қаупі бар.

"Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені тасжолындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты тау шаңғысы комбинациясына кіретін әйелдер арасындағы супергиганттан жарыстар кейінге қалып отыр. Сонымен қатар, "Сұңқар" трамплиндер кешенінде өтіп жатқан шаңғы қоссайысы тәртібіндегі трамплиннен секіру жарыстары кейінге қалды. "Сұңқар" шаңғы-биатлон кешеніндегі биатлоннан және шаңғы жарыстары кестесі өзгеруі мүмкін, - деп жазады Vesti.kz порталы.

Айта кетейік, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК дауылды алдын ала ескертуі негізінде қар көшкіні жүретінін ескертіп отыр. "Іле Алатауында қатты жауын-шашынның әсерінен және қар жамылғысының биік болуынан 31 қаңтар - 1 ақпан аралығында қар көшкіні күтілуде. Таулардың қарлы тік беткейлеріне шықпауды ұсынамыз", - дейді ведомстводағылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары