Бүгін жекелей сында жарысқа түскен қазақстандық биатлоншы Алина Райкова 15 шақырым қашықтықты бірінші болып бағындырып, Универсиада ойындарының чемпионы атанды.
Нысана көздеуден екі рет қателескен Райкова аталған қашықтықты 59 минут 48,7 секундта бағындырды. Тағы бір қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская болса араға 2,21 секунд салып, мәре сызығын екінші болып кесіп отыр. Үздік үштікті украин қызы Надя Белкина қорытындылады.
Қазақстан намысын қорғаған Дарья Усанова төртінші орынға табан тіресе, Елизавета Бельченко бесінші нәтиже көрсетті.
Осылайша, ел биатлоншылары бүгін қоржынға бір алтын және бір қола медаль салып отыр. Қазақстанның жүлделер саны 6 медальға жеті: 1 алтын, 2 күміс және 3 қола.