$ 474.72  515.17  5.58

Головкин — Джейкобс жекпе-жегінің проморолигі әзірленді (ВИДЕО)

Көптен күткен осынау жекпе-жекке тура 45 күн уақыт қалды. Бокс кеші өтетін Madison Square Garden аренасы осы кездесуге арналған проморолик әзірлеп шығарды.

Естеріңізге салайық, кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен осы салмақтағы WBA-ның тұрақты чемпионы америкалық Дэниел Джекобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жек 18 наурызға жоспарланған. Бұған дейін Головкиннің промоутері Том Леффлер аталған кездесуден үлкен қаржылық табыс күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

«Билет сатылымына қызығушылық танытып отырғандар өте көп. Жекпе-жекті HBO телеарнасы әлемнің 100-ден астам елінде тікелей эфирден көрсетеді. Бұл қос боксшы үшін аса жауапты сәт және ең ауыр жекпе-жектерінің бірі болмақ», - деді промоутер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары