$ 474.72  515.17  5.58

Универсиада-2017: Галина Вишневская Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды

Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан ұлттық құрамасының қоржыны үшінші алтын медальмен толықты. Биатлоншы Галина Вишневская 7,5 шақырымдық спринтерлік сайыста мәре сызығын бірінші болып кесіп, жарыс жеңімпазы атанып отыр.

Нысана көздеуде бір рет қателескен Вишневская 7,5 шақырымды 21 минут 43,1 секунда жүріп өтті. Екінші орынды украин қызы Яна Бондарь иеленсе, үздік үштікті Ресейден келген Анастасия Егорова қорытындылады.

Осынау сайыста сынға түскен қазақстандық өзге спортшылардың нәтижесі мынадай: Дарья Усанова - 7-орын, Анна Кистанова - 8-орын, Алина Райкова - 12-орын, Елизавета Бельчинко - 18-орын, АНастасия Кондратьева - 21-орын.

Естеріңізге салайық, бұған дейінгі 15 шақырымдық жарыста Вишневская күміс жүлдегер атанған болатын. Бұл сайыста тағы бір қазақстандық биатлоншы Алина Райкова чемпион атанған.
Қоржынында үш алтын медалі бар Қазақстан ұлттық құрамасы жалпыкомандалық тізімде екінші сатыда тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары