06.02.2017, 04:02

Қытайда массаж салоны өртеніп, 18 адам қайтыс болды

Қытайдың шығысында массаж салоны өртеніп, салдарынан 18 адам көз жұмды. Тағы 20-ға жуығын күйік шалған. Бұл туралы «Синьхуа» агенттігі хабарлап отыр.

Қайғылы оқиға Чжэнцзян провинциясындағы Тяньтай елдімекенінде 5 ақпан күні кешке орын алған. Монша мен массаж қызметін көрсететін орталықта тұтанған отты өрт сөндірушілер 1,5 сағат көлемінде өшіріп біткен. Алайда, адамдарды құтқару мүмкін болмапты.

Оқиға орнында 8 адамның мәйіті табылса, тағы 10 адам ауруханада қайтыс болған. 18 адам түрлі дене жарақаттарымен дәрігерлер қарауында.

Куәгерлер түсіріп алған бейнематериалдан адамдардың өртеніп жатқан ғимараттың терезелерінен секіріп жатқанын көруге болады.

Тегтер: видео