$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандық хоккейшілер Универсиаданың соңғы "алтыны" үшін болған кездесуде жеңіліп қалды

Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың соңғы медальдар жиынтығы өз иелерін тапты. Ерлер арасында шайбалы хоккейден өткен ақтық кездесуде Қазақстан мен Ресей құрамалары кездесіп, қонақтардың мерейі үстем болды, есеп - 0:1.

Тартысты ойын көрсеткен қос құраманың хоккейшілері де екі кезең бойы есеп аша алған жоқ. Тек, үшінші кезең басталған сәтте ресейлік команданың шабуылшысы Данил Ильин ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, Қазақстан қақпасына ойындағы жалғыз шайбаны соқты.

Мұнан кейін ойындағы басымдықты Ресей хоккейшілері өз қолдарына алған. Дегенмен, олар есепті еселей алмады. Ал, қорғаныстан аса алмаған жерлестеріміз мардымды шабуыл ұйымдастыра алған жоқ.

Осылайша, Қазақстан қоржыны Универсиаданың соңғы күні 36-медальмен толықты. Олардың 11-і алтын жүлде. Жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз 2-орынға нық табан тіреп, тек ресейлік спортшыларға ғана жол берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары