$ 474.72  515.17  5.58

Бүгін Қазақстан мен Ресей хоккейшілері Универсиаданың соңғы «алтынын» сарапқа салады

Бүгін Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындары өз мәресіне жетеді. Соңғы медальдар жиынтығын хоккейшілер сарапқа салмақ. Финалдық кездесуде Универсиаданың соңғы алтыны үшін Қазақстан мен Ресей құрамалары айдынға шығады.

Кеше жерлестеріміз жартылай финалда Чехия құрамасымен кездесіп, 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Ал, ресейлік хоккейшілер финал үшін болған кездесуде канадалықтардан 4:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан - Ресей матчы бүгін сағат 15:00-де өтуі тиіс. Аталған матчты «Хабар» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, бүгін 19:00-де 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Дүбірлі додада қазақстандық саңлақтар жалпыкомандалық есепте екінші орынға табан тіреп, бұрын-соңды болмаған жетістікке қол жеткізді. Әзірге қоржынымызда 35 медаль бар. Оның 11-і алтын жүлде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары