«Астана» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында Тбилисидің «Динамосымен» қарымта ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астанадағы алғашқы матчта командалар 1:1 есебімен тең тарқасқан еді.
Грузияның бас қаласындағы кездесудің бірінші таймы алаң қожайындары үшін сәтті болды. 22-минутта Усман Камараның көмегімен «Динамо» есепте алға шықты.
Екінші таймда Григорий Бабаян шәкірттері текетірес тағдырын өз пайдасына шешті. Алдымен, капитан Абзал Бейсебеков 50-минутта таразы басын теңестірсе, араға бір минут салып Демби Барбо командасын есепте алға шығарды.
Келесі кезеңде «Астана» хорватиялық «Динамо» Загреб командасымен кездеседі.