$ 439.43  473.31  4.82

Жеңіліп көрмеген боксшы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Жәнібек Әлімханұлы мамырда Стоктонда (АҚШ, Калифорния штаты) рингке шығып, канадалық боксшы Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Британ боксшысы Феликс Кэш (16-0, 10 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына (14-0, 9 КО) қарсы рингке шығуға дайын екенін еске салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Таяуда Кэштің промоутері Эдди Хирн қолында Әлімханұлының өкілдерінен айқасқа шығу туралы ұсыныс келіп түскенін мәлімдеді.

Осыдан кейін Феликс әлеуметтік желілерде Хирн, Top Rank пен «Қазақ стиліне» үндеу жолдап, айқасқа шақырды.

Ешқандай жауап ала алмаған Кэш Жәнібекке кезекті сауалын жолдады: «Top Rank, Qazaq Style айқасқыларың келе ме, әлде...?», - деп жазды ол Twitter-де.

Феликс Кэш өзінің соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсанда Англияның Лидс қаласында өткізіп, португалиялық Келсо Невештен (9-4-2, 2 КО) ұпай саны бойынша басым түскен еді.

Ал Жәнібек Әлімханұлы мамырда Стоктонда (АҚШ, Калифорния штаты) рингке шығып, канадалық боксшы Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары