$ 444.14  477.05  4.85

Данияр Елеусінов түгел отбасын алып АҚШ-қа көшеді

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов наурыз айында АҚШ-қа көшуді жоспарлап отыр. Өзімен бірге ол отбасын түгел алып кетпек. Бұл туралы танымал боксшы Vesti.kz порталына берген сұхбатында мәлімдеді.

Даниярдың кәсіпқой боксқа ауысқаны белгілі. Жаттығулары мен жекпе-жектерін ол негізінен Америка Құрама штаттарында өткізеді.

"Әзірге нақты ешқандай ақпарат айта алмаймын. Ақпан айының аяғы немесе наурыз айында кетемін. Нақты білетінім, туған ағаммен (Дәурен Елеусінов) және әкеммен бірге жаттығу жасаймын", - дейді Олимпиада чемпионы.

Ол АҚШ-қа ата-анасымен және өз отбасын алып кететінін айтып отыр.

"Туғандарым үнемі жанымда болады, оларды алып кетемін. Әрине, жекпе-жектерден кейін Қазақстанға келіп тұрамыз, бірақ негізінен уақытымыздың көп бөлігін АҚШ-та өткізбекпіз.

Айта кетейік, Кәсіпқой бокста Данияр жартылай орта салмақта (66 келі) өнер көрсететін болады. Ол әкесі Марат Елеусіновтің қолында Флорида штатында жаттыға бермек. Кәсіпқой рингтегі алғашқы кездесуі биыл мамыр айында Қытайда өтеді деп жоспарлануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары