$ 494.87  520.65  4.91

Азиада-2017: Қазақстан спортшылары тағы 1 алтын және 2 күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының қоржыны тағы 1 алтын және 2 күміс жүлдемен толықты.

Биатлоншы Ян Савицкий 10 шақырымдық спринтте алдына жан салмай, құрлық чемпионы атанды. Дәл осы сайыста мәрені екінші болып тағы бір Қазақстан шаңғышысы Василий Подкорытов кесіп, қоржынға күміс жүлде салды.

Савицкий нысана көздеуде тек бір рет қана мүлт кетіп, жалпы қашықтықты 26 минут 59,2 секундта бағындырды. Ал, Подкорытов болса екі рет мүлт кетіп, Савицкиге небәрі 15 секунд қалып қойды.

Ал, классикалық үлгіде 5 шақырым қашықтыққа жарысқан шаңғышы әйелдер арасында қазақстандық Елена Коломина екінші орын иеленді. Ол мәрені 15:02.8 минутта кесіп, жарыс чемпионы жапондық Юки Кабаяшиден +6.7 секунд қалып қойды.

Айта кетейік, Коломина дәл осы Азиадада үшінші медалін жеңіп отыр. Бұған дейін 1,4 шақырымдық спринтте күміс алған жерлесіміз 10 шақырымдық сайыста үшінші орын иеленген болатын.

Осылайша, Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 10 медаль болды: 2 алтын, 4 күміс және 4 қола.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары