$ 498.34  519.72  4.85

Азиада-2017: Юлия Галышева Қазақстан қоржынына бесінші алтын медальді салды

Қазақстанның фристайлшы қызы Юлия Галышева Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында бірінші орынды жеңіп алды.

Жұптық могул бойынша өнер көрсеткен Галышева алдымен финалдық кезеңге жолдама алған болатын. Ақтық кезеңде ол жапон қыздарынан басым түсті. Екінші және үшінші орын жарыс қожайындары Ариса Мурата мен Мики Итоның еншісінде.

Бүгін қазақстандық биатлоншылар да сәтті өнерімен жанкүйерлерін қуантқан еді. Алдымен Ян Савицкий ерлер арасында күміс жүлдегер атанса, артынша Галина Вишневская Азия ойындарының чемпионы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны бесінші алтын медальмен толығып отыр. Жалпыкомандалық есепте үшінші орында тұрған Қытай спортшыларынан бізді небәрі бір алтын медаль айырмасы бөліп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары