$ 498.34  519.72  4.85

Сауль Альварес Головкинді ресми жекпе-жекке шақырғанын мәлімдеді

Мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес (48-1-1, 34 КО) орта салмақтағы әлем чемпионы, WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иесі қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (36-0, 33 КО) келісімшартқа отыруға дайын екенін мәлімдеді.

"Оған жекпе-жекке ұсыныс жасалды. Біз келісімшартты Головкиннің алдына тастадық, ендігі шешім олардан. Ол келісімін берген күні келісімшартқа қол қоюға дайынбыз. Ал, егер ол қолын әліге дейін қоймаса, демек кездесуден қашып отыр", - дейді Альварес boxingscene.com порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Головкин мен Альварестің командалары өткен жылдан бері келіссөздер жүргізіп жатыр. Алайда, қаржы мәселесіне байланысты әлі ортақ шешімге келген жоқ. "Канелоның" промоутері қазақстандық боксшыға 15 миллион доллар гонорар ұсынған көрінеді. Алайда, Головкиннің командасы жалпы соманы тең дәрежеде бөлісіп алуды талап етуде.

Қос боксшының арасындағы жекпе-жекке олардың келесі кездесулері де әсер ететіні сөзсіз. Осы жылдың наурызында GGG американдық Дэниэл Джейкобспен жұдырықтасса, мамырда Сауль Альварес отандасы кіші Хулио Сезар Чавеспен күш сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары