Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында орналасқан УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының ширек финалында өнер көрсететін командалар үшін жеребе тарту рәсімі өтті.
Оның нәтижесінде 1/4 финалға шыққан сегіз команда өз қарсыластарын анықтады.
"Атлетико" (Испания) - "Лестер" (Англия) "Боруссия" Дортмунд (Германия) - "Монако" (Франция) "Бавария" (Германия) - "Реал" (Испания) "Ювентус" (Италия) - "Барселона" (Испания)
Ширек финалдың алғашқы ойындары 11 және 12 сәуір күндері жоғарыдағы тізім бойынша өтеді. Қарымта ойындар араға бір апта салып қарсылас команданың алаңында жалғаспақ.