08.08.2014, 05:00

Америкалық легионер «Барыстың» капитаны болды

Сурет: hcbarys.kz

Брэндон Боченски ҚР Президенті кубогі турнирінде «Барыс» командасының капитаны ретінде ойнайды, деп хабарлайды Sports.kz.

Кеше астаналық «Барыс» хоккей командасы «Қазақстан» спорт кешенінде алғашқы жаттығуларын өткізді.

«Барыстың» бас бапкері Андрей Назаров турнир барысында америкалық легионер Брендон Боченскийдің команда капитаны болатынын мәлім етті.