06.08.2024, 17:00

Олимпиада ойындарында ереже бұзған қазақстандық жеңілатлет жарыстан шеттетілді

Фото: Сали Сабиров

Ол бүгін 110 метрге кедергілер арқылы жүгіру сайысынан жұбаныш кезеңінде сынға түсуі керек болған.

Давид Ефремов Париж Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден жұбаныш бәсекесінде сынға түскен қазақстандық атлет фальстарт, яғни жарысты ерте бастап кеткені үшін жарыстан шеттеттілді.

Осылайша жартылай финалдық кезеңнен тыс қалды.

Айта кетейік, бүгін 7 тамызға қараған түні тағы бір жеңіл атлетіміз Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесінің финалдық кезеңінде сынға түседі.