06.08.2024, 23:30

Сенсация! Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды

Фото: ҚР Спорт және туризм министрлігі

Енді финалда жапондық балуанмен жолығады. 

Грек-рим күресінен 77 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған қазақстандық балуан Әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері әзірбайжандық Санан Сулеймановты 6:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалында Әзірбайжан өкілі Санан Сулеймановты айқын басымдықтен жеңді.

Айта кетейік, Демеу алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жыққан. Келесі кезеңде Демеу Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты 3-1 есебімен жеңген болатын.

Енді финалда жапондық балуанмен жолығады.