07.08.2024, 02:30

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Фото: Olympic.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бірінші медалі.

Назым Қызайбай Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.  

50 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы Ву Юден жеңілді.

«Қазақстандық боксшыны рингте көрсеткен тамаша жекпе-жегімен және Олимпия ойындарының қола жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын! Жекпе-жекте төрешілер Назымның қолын көтермесе де, отандасымыз шаршы алаңда жеңіс үшін аянып қалған жоқ. Рингте өз шеберлігін, жеңіске деген ерік-жігерін көрсете білді. Қазақстан бокс әлеміндегі ең үздік құрамалардың бірі екенін дәлелдеді. Бұл жүлдеде жаттықтырушылардың да еңбегі зор. Біз Назымның жарқын жеңістері әлі алда екеніне сенімдіміз! Осылайша, Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толығып отыр. Біз спортшыларымызбен мақтанамыз. Тек алға!», - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Бұл Париж Олимпиадасындағы Қазақстан құрамасының үшінші қола жүлдесі. Осыған дейін спорттық оқ атудан Александра Ле мен Ислам Сәтбаев, дзюдодан Ғұсман Қырғызбаев ел қоржынына қола жүлде салған. Дәл қазір Қазақстан құрамасында 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде бар.