10.08.2024, 00:30

Олимпиаданың қола медаль иегері жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұсталды

Фото: © AFP 2024 / ARIS MESSINIS и Gov

Ол көшедегі бейтаныс әйелдің бөксесін ұстаған. Жәбірленуші полицияға арыз жазды.

Мысыр құрамасының балуаны Мохамед Эльсайед Париждегі кафелердің бірінде әйелге қырындады деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Француз полициясы грек-рим күресінен Мысыр құрамасының мүшесі Мохамед Эльсайедті жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұстады. Бұл туралы Le Parisien газеті хабарлады.

Оқиға 9 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:30 шамасында Аустерлиц жағалауында болған. Дереккөздің хабарлауынша, балуан Париждің 13-ші ауданында кафеден мас күйінде шығып, көшедегі бейтаныс әйелдің бөксесін ұстаған. Жәбірленуші полицияға арыз жазды.

Прокурорлар жыныстық зорлық-зомбылық туралы тергеуді бастады. 26 жастағы Эльсайед грек-рим күресінен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (67 келіге дейін). Париждегі Олимпиада ойындарында Египет спортшысы әзербайжандық Хасрат Джафаровтан жеңіліп, финалдың 1/8 кезеңінде шығып қалды. Париж олимпиадасы 11 тамызда аяқталады.